«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» – анаға тағзым кеші

5-наурыз күні Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінде көктемнің шуақты мерекесі Халықаралық әйелдер күніне орай 5-сынып оқушылары мен жетекшілерінің ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

“Алтын қазына” көркем және сәндік- қрлданбалы өнер балалар шығармашылығының аудандық көрме-байқауында “Қағаздан бұйымдар жасау” номинациясы бойынша 7 сынып оқушысы Мықтыбай Жәния ІІІ орынмен марапатталды, жетекшісі Л. Әуезханова

«Офицер – қаһарман мамандық»

Мектебімізде өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары әскери оқу орындарына, кадет корпусына және әскери колледждерге оқуға үгіт-насихат жүргізу мақсатында 2 наурыз күні маңызды үгіт-насихат жүргізілді.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ЖАС МАТЕМАТИКТЕР ЖЕҢІСІ Республикалық “Зерделі ұрпақ” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі бойынша Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 5-сынып оқушылары “Бас жүлдемен” марапатталды.