Білім күні – ерекше, жарқын, көңілді және ізгі мереке. Жылдың осы күнінен бастап білім әлеміне деген күрделі, сонымен қатар қызықты жол басталады.
Білім күні – жарық мереке, кітап мерекесі, гүлдер, достар мерекесі.
Қоғамның мызғымас тірегі, отаншыл, білімді, жасампаз ұрпақ тәрбиелеуде әділеттіліктің, адамгершіліктің, жауапкершілік пен еңбексүйгіштіктің айқын бейнесі болатын, құндылықтарды бойына сіңірген, халыққа, елге қызмет ететін “Адал азаматтарымызды” қалыптастырып келе жатқан, тарихы терең білім ордасы Шоқан Уәлиханов атындағы 26 орта мектебінде “Мектебім-мейірім мекені!” тақырыбында салтанатты жиын болып өтті.
“Оқу- білім азығы, білім-ырыс азығы” — дейді дана халқымыз. Талабы таудай балаларымыз асыл арманын білім жолынан тауып, сапалы білім және саналы тәрбие нәрімен сусындай берсін!
